Қаз   Рус

Астана Лениннің жойылуына себеп болуы мүмкін

129 қаралды
0
Ратель
Пятница, 17 Ноя 2017, 16:15

Қоғамдық тыңдауға қатысқан көпшілік Ленин көшесінің ендігі атауы Астана болып өзгереді деп күткен жоқ

Кеше Павлодардағы «Колос» мәдени-сауықтыру орталығында Ленин көшесінің атауын ауыстыру жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері мен қалалық мәслихаттың өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Қоғамдық тыңдауға қатысқан көпшілік Ленин көшесінің ендігі атауы Астана болып өзгереді деп күткен жоқ. Өйткені жыл басында қала тұрғындары Павлодардың орталық көшесінің бірі, әрі үлкен даңғыл саналатын Кутузов көшесін Астана деген атаумен ауыстыруға ұсыныс жасаған болатын. Жергілікті билік өкілдері Астана атауы Ленин көшесіне берілетінін мәлімдегенде, жиынға қатысушы қауым бұл жаңалыққа наразылығын жасыра алмады.

Осы мәселеге байланысты өз пікірімен бөліскен журналист Федор КОВАЛЕВ: «Кутузов көшесі үлкен, әрі жүргіншісі көп даңғыл деп айтуға болады. Ал Ленин көшесінің жарты бөлігінде жер үйлер орналасқан, ескілеу көше. Бұл көшені Астана көшесі деп айтуға келмейді», – деді.

Қоғам белсендісі, мәдениет қайраткері Ғалия БАЛТАБАЙ көше атауын өзгерту мәселесіне түсіністікпен қарауға шақырып: «Өз жерімізде,  өз отанымызда тұрып, неге біз өз мәселемізді шеше алмаймыз? Басқа жерлерде де ондай болып жатыр ғой,оған түсіністікпен қарау керек», – дейді.

Қалалық әкімдік  берген ақпаратқа сәйкес, көше атауын ауыстыруға қатысты шығын демеушілер тарапынан өтеледі, қазынадан бір тиын алынбайды екен. Ал мәслихат өкілдері көше атауына байланысты  өз шешімдерін келесі аптада жария етеді.

Фото: pavlodarnews.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера