Қаз   Рус

Жоғарғы сотқа судьялар қандай шағым жасайды

19 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 26 Янв 2018, 16:30

Сот әділдігін рейтингке құрбан етуге болмайды. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Судьялардың тәуелсіздігі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бірақ, судьялардан маған келетін ұсыныстарда бірқатар жүйелі проблемаларды ашып көрсетеді. Қазір көпшілігі жасырын емес, ашық жазады. Барлығы да бірауыздан судьялар төрағаға тәуелді дейді. Дәл солар кімді өсіру керектігін, кімді жазалау қажеттігін, ал кімді көтермелеуді шешеді. Оларда кез келген судьяны тексеру, актілерінің күшін жою сынды билік бар. Біз мұны өте жақсы білеміз. Судьялар, тіпті бизнес қоғамдастығы да мұны жақсы біледі», - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Оның атап өтуінше, судьялардың жауапкершілігі шешілетін немесе басқа лауазымға ауысатын кезде төраға беретін мінездеме де қысым жасаудың құралына айналған.

«Иә, төралқа бар. Бірақ, төралқа сот төрағасының ұстанымына қарамастан шешім шығарған бірде бір жағдай жоқ», - деді ол.

Жақып Асановтың айтуынша, көңілден шықпаған судьяға күрделі істерді үйіп тастап, одан кейін наразылық білдіру деректері де бар. Сонымен қатар ол өңірден хат жазған адвокаттың  облыстық соттардың заңсыз үкімдерге көз жұма қарайтындығын, мұның себебі рейтинг құлау екендігін ашық айтқанын атап өтті.

«Өйткені, төраға үшін бұл ең бастысы. Міне, заңгер осынау жарысты доғаруды сұрап отыр. Судьялардың тәуелсіздігі проблемасы біздің жүйеміздің ішінде де тереңдеп кеткені ме? Жалпы, Мемлекет басшысы жұмыс істеуіміз үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етті. Біз өз ішімізде проблема жасап отырмыз. Бағалау жүйесіне қарайықшы. Ол судьяны көрсеткіштің соңына жүгіртпеуі тиіс. Сот әділдігін рейтингке құрбан етуге болмайды», - деді Жақып Асанов.

Кеңейтілген кеңес барысында Жақып Асанов дауласушыларды сотқа жеткізбей татуластыратын орган құруды ұсынды.

Сонымен қатар ол облыстық соттардың Жоғарғы сотқа жіберетін статистикаларында жалған деректер көп екендігін ашық айтты.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера