Қаз   Рус

Жақсыбеков пен Жәмішев Астанада өтетін қысқы марафонға қатысады

45 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 12 Дек 2017, 14:30

Астанада 24 желтоқсанда тұңғыш рет өтетін «AstanaWinter Marafon: мүмкіндік шегінен тыс» марафонына биліктегі біршама лауазымды адамдар қатысады.  Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында қысқы марафонды ұйымдастырушылардың бірі, әйгілі қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қысқы марафонға көппен бірге ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев атсалыспақ.

«Біз марафонға қатысушылардың санын 300-ге дейін қысқарттық. Тек дайындығы мығым спортшылар ғана келеді. Вип адамдар да бар. Марафонға Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев, Айдын Рахымбаев, Батырбек және Бағдат Мусиндер қатысады», -дейді Марат Жыланбаев. Әйгілі спортшының айтуынша, тұңғыш марафон Астанадағы Триатлон бағында өтеді. «Бір жыл бұрын Триатлон бағы ашылған еді. Қуанарлығы, ол жерде таңғы 6-дан бастап арнайы техникалар қарды күреп тастап отырады. Тіпті қаладағы жолдарды олай тазаламаса да, Триатлон бағы күреусіз қалған емес. Марафоншыларға деген осынау құрметті ерекше атап өткім келеді. Біздің қысқы марафон да сол жерде өтеді. Марафон барысында ол жерде жедел жәрдем қызметі болады. Өрт сөндірушілер мен төтенше жағдай қызметінің мамандары сол жерде адамдардың қауіпсіздігін бақыламақ. Шәкірттерім арнайы іші жылы киіз үйлерді дайындап отыр. Сонда қатысушылар спорттық киімін киініп, жылына алады», - дейді Марат Жыланбаев.

Айта кетсек, жарысты үш қашықтықта өткізу жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар 42, 21 және 10 шақырымда жүгіреді. Марафонға қатысуға ниет білдіргендер www.marathonclub.kz сайтында 12-20 желтоқсан аралығында тіркелуі керек. Жеңімпаздарға кубоктер мен бағалы жүлделер табысталады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера