Қаз   Рус

Жамбыл облысында көне қалашық орнынан 600 жәдігер табылды

28 қаралды
0
24.kz
Пятница, 01 Дек 2017, 16:30

Жамбыл облысының Жуалы ауданынан Баркуап қалашығының шаруашылық бөлігі табылды, деп хабарлайды 24.kz. 

Көне қалашық барлау экспедициясы кезінде анықталған. Бұған дейін қаланың солтүстік шығыс бағытында орналасқан қала қамалы туралы ақпарат таратылған болатын. Оның аумағынан 600-ден астам жәдігерлер табылды. Енді археологтар тапқан табыстарының қай кезеңге тиесілі екенін анықтауға кірісті.

Көне қалашықтың ресми атауы - Бурнооктябр­ьское, алайда араб жазбаларына сәйкес, Баркуап деп өзгертілген. Аттас ауыл қазір көне қалашық орнында орналасқан. Ауыл қарттарының айтуынша, өткен кезеңдегі өркениет белгілері ауылдың әр жерінен байқалады.

«Тұрғындар өз аулаларынан көне ыдыс бөлшектерін жиі кездестіреді. Біздің аталарымыз жер асты жолдарын көргенін айтып отыратын. Көпшілік көліктерінің астында ойық пайда болатынын, орнын толтырып қойғанымен, аз уақыттан кейін қайта пайда болатынын да айтып жүреді. Біз жер астында көне қала бар деп ойлаймыз», - дейді ауыл тұрғыны Аташбек Әмірқұлұлы.

«Құмғандар біздің эрамызға дейінгі 1,2 ғасырларға тиесілі, сол себепті олар керемет олжа. Қаланың үлкен болғаны анық. Тұрғындардың бастамасы болмаса, 10-15 жылдан кейін қала жоғалып кетер еді. Өйткені, айналада жаппай құрылыс жүргізіліп жатыр. Ал қазір тарихымызды қайта ақтаруға мүмкіндік бар», - деді Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов. 

Археологтар көп ғасырлық тарихы бар құпияны ашуға ниеттеніп отыр. Олар көне қаланың шаруашылық бөлігін тапты.

«Бұл жерде асхана немесе ас үй болуы мүмкін. Бұл жерден ошақ пен пеш орны табылды. Керамикалық ыдыстардың да көп бөлігі осы жерден шықты. Мәселен, құмғандар, тәрелкелер», - деді археолог Ескендір Торбеков.

Бұл олжалар - дамыған мәдениеттің белгісі. Көне Баркуап қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.  Ол кездерде бұл жерде қызу сауда жүрді, әлемнің әр түкпірінен көпестер келді. Қазба жұмыстары кезінде тарихшылар 10-12 ғасырлардағы мәдени кезеңдерді зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезде қараханидтер өмір сүрген.

«Бұл қаланың тарихы 2 мың жылдан асады, демек 7-6 ғасырмен шектелмейді. Біздің эрамызға дейінгі 1,2 ғасыр болуы мүмкін деген болжам бар. Егер бұл дерек расталатын болса, бұл жерде қангөй көсемдерінің жазғы резиденциясы, астанасы - Битянь қаласы болды деп сеніммен айтуға болады», - деді археолог.

Бұл болжамды нақтылау үшін, ғалымдар табылған керамикаларды Алматы қаласындағы геоархеологиялық зертханаға, ал жер қыртысын Жапонияға жіберді. Әріптестердің зерттеулері жамбылдық археологтарға қаланың қай кезеңге тиесілі екенін анықтуға көмектесіп, нақты тұжырым шығаруға мүмкіндік береді. Жуалы ауданы басшылығы бұл жерден ашық аспан аясындағы мұражай ашу ісін жоспарлап отыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера