Қаз   Рус

Қызылордада бойжеткен қазақ тілінде мультфильмдер құрастырады

43 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 12 Дек 2017, 09:30

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахмановамен жүздесті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада алдымен облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген жерлестерімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің көркеюіне үлес қосқан, жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында жалпыхалықтық «100 жаңа есім» жобасы қолға алынған болатын.

Жақында жобаның жеңімпаздары Елбасымен жүздесіп қайтты. Оның ішінде Сымбат Нұртазақызы да бар. Сымбаттың жеткен жетістігі мен жасаған еңбегі көптеген жастарға үлгі болары анық», -деді Руслан Рүстемов.

Сымбат Әбдірахманова 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдері университетінде «филология» мамандығын, 2007 жылы Иран мемлекетінің «Таботабои» университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды.

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. «Ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін жетілдірді. Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Білікті маман балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог. Ол парсы тілі бойынша Орта Азиялық Олимпиаданың 1-орын иегері. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сонымен бірге Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Атап айтар болсақ, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» еңбегі бар.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера