Қаз   Рус

Қызылордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылады

26 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 25 Янв 2018, 11:30

Қызылордада әнші Батырхан Шүкеновтің бюсті қойылады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.

Руслан Рүстемов, сондай-ақ, биыл Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының артистері Ұлыбритания сахнасында өнер көрсететінін айтты.

«Барлық өткізілетін мерекелік шаралар осы жылдың басты оқиғалары Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналмақ. Мәселен, Астана қаласының 20 жылдығына арнап, Астана қаласында зымыран-ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы пайдалануға беріледі. «Тұңғыш Астанадан - Елордамыз Астанаға!» атты өнер керуені өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шыны зауытының алғашқы өнімдері де Астана мерейтойына тарту ретінде шығарылады. «Жаңа Астана - ежелгі қазақ жерінің төрі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырылуы да жоспарланып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, биыл облыстық филармонияның өнерпаздары Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына гастрольдік сапармен барады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Астаналар фестивалі» атты Қазақ елінің астаналары театрларының (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) фестивалі өткізіледі.

«Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалін Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде өткізу жоспарлануда. Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы да ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік алғашқы Әнұранының авторларының бірі - Жадыра Дәрібаеваның, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың және жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы да тойланады.

Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығына әншінің бюсті қойылады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера