Қаз   Рус

«Цоннан» мәліметтер ұрланғаны туралы тағы шағымдар түсті

13 қаралды
0
Baq.kz
Понедельник, 20 Ноя 2017, 18:30

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықтың шағымының арқасында мұндай жағдайлардың анық-қанығын ашу қолға алынғандығын айтты, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерін ХҚКО арқылы рұқсатсыз пайдаланды деген ақпараттан соң тағы сондай 60 арыз келіп түсіпті.

«Бізге «ХҚКО қызметкерлері рұқсатсыз жеке мәліметтерімді пайдаланды» деген 60 арыз түсті. Олар солай ойлады. Яғни олар (азаматтар – ред.) келеді де: «Маған анықтама беріңіз» дейді. ХҚКО олардың ЭЦҚ-сы арқылы жеке деректеріне кіреді де, жеке куәлігімен салыстырып тексереді. Сосын анықтама береді», - деді Абаев ҚР Парламенті Мәжілісінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында.

Дәурен Абаевтың айтуынша, арыздарға байланысты қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің рұқсатсыз тарауы туралы ақпарат расталған жоқ.

«Біз тексерген барлық дерек расталмады. Яғни, адамдар өздері келіп анықтама алғанын ұмытып кеткен. Олар өздерінің жеке кабинетіне кіріп, 3-4 ай бұрын біреудің анықтама алғанын көреді. Сосын мұндай анықтама алу туралы өтінім бермегендігін айтады», - деп түсіндірді министр.

Ведомство шағымдардың арқасында мұндай жағдайдың мән-жайын ашуға кіріскен.

«Егер біз қазір азаматтардың ыңғайына қарай жығылмасақ, онда ХҚКО-да тағы да ұзын сонар кезек болады. Сондықтан біз үшін екі жол бар: азаматтар өздерінің дағдыларын жақсарту керек, содан кейін біздегі бар ақпарат жүйелерін интеграциялау керек», - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланды деген ақпарат тараған. Кейін осы мәліметтерді таратқан ХҚКО қызметкері жұмыстан қуылды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера