Қаз   Рус

Түркі әлемі қолөнер шеберлері Түркістанда

51 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 14 Ноя 2017, 16:40

«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында түркі әлемі қолөнер шеберлерінің фестивалі өтті, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме берген ҚазТАГ. Қасиетті шаһардағы аталған шараға елімізден бөлек түркі тілдес бірқатар елдерден бармағынан бал тамған шеберлер қатысты. Аталған басқосу ТҮРКСОЙ шеңберінде жыл бойы өткен ірі халықаралық шаралардың соңғысына саяды.

Қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалінде сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.ӨСЕРБАЕВ  Түркістанның биыл шарықтаған жылы болғанын айта келе, жалпы жетпістен астам жобалар іске асса, оның қырыққа жуығы халықаралық деңгейдегі басқосулар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, шаһар басшысы шығармашылық оңайлықпен келмейтін шабыт екенін және бұл, әсіресе, қолөнер саласында асқан қайсарлықты талап ететінін де назардан тыс қалдырмады.

Ал ТҮРКСОЙ-дың қазақстандық өкілі А.ТҰРҒАНБАЕВ: «Қолөнер- бұл өлмес өнер. Атадан балаға мирас болып келе жатқан бекзат өнерімізді жоғалтып алмау біздің парызымыз. Бұл өнерді кейінгі жастарға беріп кету қажет. Сондықтан да бұл фестивалдің маңызы ерекше. Өзге бауырлас елдер қолөнершілерімен тәжірибе алмасу да бүгінгі арнайы өткен көрмеден көрініс тапты. Түркістан бір жылдық қала емес, мәңгілік рухани астанамыз болып қала бермек»,- деді. Сонымен бірге ол қолөнер саласындағы бұл фестиваль ТҮРКСОЙ аясында алғаш қосылғанын және алдағы мәдени астаналарда да өз жалғасын табатындығын тілге тиек етті.

Шара соңы қонақтарды Қолөнер мектебінің шебарханасында шеберлік сыныптармен таныстыру және Этнографиялық музейде бас қосып өзара пікіралмасулармен жалғасты. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера