Қаз   Рус

Төреғалидің концертінде болған ақсақал әншіні кешіруге шақырды

22 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 28 Дек 2017, 17:00

Төреғалидің арты дауға ұласқан концертінде болған павлодарлық ақсақал әншіні кешіруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің редакциясына 70 жастағы Павлодар тұрғыны Әсетолла Медеуов келіп, Төреғалидің концертінде болған жағдай туралы айтып берген. Ол Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға әншіні кешіруге шақырды. Әсетолла Медеуовтың айтуынша, 21-желтоқсан күні бәйбішесі екеуінің отасқанына 49 жыл толған. Осыған орай, ақсақал концертке барған.

«Балконда отырып дауыс көтерген қызылордалық көрерменнің қылығы дұрыс болмады. Ал, жас әншінің саханада айтқаны ашу үстінде болды. Ол албырт жүректі жігіт. Енді қанаттанып келе жатқан талант. Елімді көркейтемін деп жүрген азаматты басып тастау қателік деп есептеймін. Кешірімді болу керек. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Үлкен қариялар оған осы күнге дейін талай батасын берді. «Өркенің өссін» деп тілегін айтты», - дейді қария. Сондай-ақ, ақсақал Павлодар облысы билігінің Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға қатыстырмау жөніндегі шешімі асығыс жасалды деген пікір білдірді. «Менің анам жол апатына ұшырап, 12 адамның арасында жалғыз көз жұмды. Жүргізуші болған жиен ағамды соттауға болатын еді. Бірақ, қазақта «Кешірімді болу», «Күншіл болма» деген сөзі бар. Оның қасында Төреғалиді кешіруге болады ғой. Ашумен айтылғаны белгілі. Сол концертте мүгедек бала фотоға түсуге келді. Төреғали суретке түсті, ол жамандық ойлағаны ма? Қолындағы сәбиі бар бала да суретке түсуге келді. Әнші бас тартпады. Қолтаңбасын да берді, жамандық ойлағаны ма? Адамның жүрегі ашық болу керек. Ал, балкондағы көрерменнің айғай көтеруі орынсыз болды», -деді Әсетолла қария. Оның ойынша, әнші Павлодарда концерт өткізіп, халықтан кешірім сұрауы керек. «21-і күні болған көрермендерін қайта шақырып, артық айтқандары үшін кешірім сұраса болады», - дейді Әсетолла Медеуов. Ол оқиғаға қатысты жазған хатын ала келген. Еске салайық, 21-желтоқсан күні Төреғали Төреәлі Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында «Айхай-25» атты ән кешін өткізген болатын. Концерт кезінде көрермендердің бірі өзін Қызылордадан келгенін айтып, әншіден суретке түсе бермей, ән айтуы керектігін талап еткен. Сахнада тұрып қайтарған әншінің жауабы кейін жұртшылықтың наразылығын тудырды. Келесі күні Төреғали Инстаграмда тікелей эфирге шығып көпшіліктен кешірім сұрады.   

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера