Қаз   Рус

"Томирис" фильмінің түсірілімі наурызда басталады

53 қаралды
0
Вторник, 20 Фев 2018, 17:30

Жобаның продюсері Әлия Назарбаеваның ойыңша, бұл - ең ірі тарихи киножобалардың бірі

Сақтардың әйгілі билеушісі Томирис патшайымның өмірі мен ерлігін суреттейтін фильмді түсіру жұмысы наурызда басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар кеңесі алдында «Томирис» фильмі көрсетіліп, оның нұсқасы мақұлданды.  Фильмнің өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен іске асырады. Түсіру тобы қорғалым барысында дайындық кезеңінде атқарған жұмыстары туралы айтып, өтпелі кезеңнің түсірілімдері, тігілген костюмдер, дайындалған реквизиттер және түсірілім алаңдары туралы баяндап берді. Наурыз айында фильмнің негізгі түсіру жұмыстары басталады. Картинаның бас продюсері Әлия Назарбаева фильмнің түсіру тобы жобаны бастауға дайын екенін жеткізді.

«Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи киножобалардың бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереңнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменнің көңілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенемін», - дейді Әлия Назарбаева.

Оқи отырыңыз
Мектеп директорларына еңбекақы төлеу өзгереді

Картинаның режиссері Ақан Сатаев Томиристің патшайым болуы фильмге арқау болғанын, кинотуынды Тұмардың дүниеге келуімен басталып, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерімен болған, аңызға айналған шайқаспен аяқталатынын жеткізді.

«Біздің басты мақсатымыз - б.з.д.  V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеген, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, соғыс саясаты және өнерімен әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагетер сынды тайпалар  қазақ халқының арғы ата-бабасы екенін дәлелдеу. Бұл фильм қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түседі», - дейді ол.

Сонымен қатар танымал кинорежиссер жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетті. Ол түсірілімдердің ерекшелігі және фильмдегі шайқас көріністерінің түсірілімдері қиын болатынын айтты. «Фильмнің өтпелі кезең түсірілімдері былтыр желтоқсан айында  Алматы облысының Заречный ауылының маңында жүргізілді. Наурыз айының басында «Қазақфильмнің» павильондарында түсіру жұмыстарын жалғастырып, Томирис патшайымның дүниеге келгенін түсіреміз», - деді режиссер.

Фильмнің түсіру жұмыстары Жаркент, Шонжа, Бурабай мен Баянауылда түсіріледі. Жалпы түсіру жұмыстары төрт айға созылмақ. Еске сала кетсек, бұдан бұрын аталған туындының режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында Қазақстанда түсіріліп жатқан «Томирис» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдайтын актрисаның есімі анықталғанын жазған болатын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.