Қаз   Рус

Теміртауда мектеп асханасында бактерия тапқан дәрігерлерді сотқа берді

22 қаралды
0
kaztag.kz
Четверг, 23 Ноя 2017, 09:30

Теміртаудағы мектеп асханасында ішек таяқшаларының бактерияларын тапқан санитарлық дәрігерлерді сотқа берді, деп хабарлады Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сілтеме берген ҚазТАГ.

«Жеке кәсіпкер Зәмзәгүл Саттыбаевадан «Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің Теміртау қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы» РМБ-ға білім беру мекемесінде 2017 жылдың 3 қарашасы күні жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісін заңсыз деп тану туралы арыз түсті», - деп хабарлады сәрсенбіде соттың баспасөз қызметінен.

Ведомствода нақтылғандай, кәсіпкердің арызы өндіріске алынды және азаматтық іс қозғалды. З.Саттыбаева Теміртау қаласындағы №1 классикалық лицей оқушылары ата-аналарының мектеп асханасын жабуды талап еткені, кейіннен мектеп асханасында ішек таяқшаларының бактериялары табылғаннан кейін сотқа шағымданғаны белгілі болды.

«Бір айдан бері Теміртаудағы классикалық лицейдің ата-аналары мектеп асханасын жабуды талап етуде. Балалар дәмсіз тамаққа шағымданып, үйлеріне аш қайтып жүр. Әрине біз, шара қабылдасын деп лицей басшылығына да бардық. Алайда олар бізге асхананы жаба алмайтындарын, себебі оның иесімен мемлекеттік сатып алу базасы арқылы шарт жасалғанын айтты», - деді лицейдегі оқушылардың ата-аналары.

Олардың айтуынша, олар мектеп асханасының жағдайын тексеру үшін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүгінген, және жақында жауап та келген.

«Қорытындыдан көріп отырғанымыздай, асханадан мамандар ішек таяқшаларын тапқан. Сондай-ақ, азық-түлікті тасымалдау бойынша да ескертулер бар. Ата-аналар балаларын дәмсіз тамақпен тамақтандыратынын айтқан», - деді лицей директоры Игорь Пашин.

Оның айтуынша, бактериялар, ыдыста, үстелдерде, ыдыстарды кептіруге арналған жерлерде және тіпті асхана аспаздарының қолдарынан да табылған. Алайда асхана директорының айтуынша, ешқандай бұзушылық болмауы тиіс.

«Бір ай бойы, күн сайын бізге арнайы комиссия келіп, сынамалар алды. Барлық бұзушылықтарды біз бірден жойдық. Бізде ешқандай бактерия болмауы тиіс. Мектеп асханасында бәрі дұрыс», - дейді кәсіпкер З.Саттыбаеваның өзі.

Алайда Теміртау лицейі оқушыларының ата-аналары бұл жайды облыстық білім басқармасына және салалық министрлікке хабарлауды шешті. Олар арнайы арыз да дайындап, жақын арада жолдау үшін қол жинап жатыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера