Қаз   Рус

Темекі тұқылын тастаған қытайлықтан пара алған полицей 7 жылға сотталды

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 10:00

Ақтөбедегі әуежайда тәртіпті бақылайтын капитан Айдос Игимбетов 150 мың теңге пара алған. Ол қытайлық азаматтың темекі тартып, тұқылын лақтырып жібергенін көре тұра, әкімшілік іс қозғамаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі №2 қалалық сотында бүгін полиция қызметкеріне үкім шықты. Әріптестері Айдос Игимбетовті қолдауға келгенімен, іс дәлелін тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында Ақтөбе халықаралық әуежайындағы тәртіпті бақылауға бекітілген полиция капитаны Айдос Игимбетов Алматыдан келіп, әуежай алдында темекі тартып, кейін тұқылын лақырып жіберген қытайлық азаматты ұстады. Әкімшілік іс қозғауы тиіс полиция қызметкері бәріне көз жұмып, олардан 150 мың теңге талап еткен. Алғашқы күні сұраған ақшасының 50 мың теңгесін алған. Кейін қытайлық азаматтың өкілі тағы 50 мың теңге жеткізіп берген.

Осыдан соң Көліктегі ІІД Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы, қауіпсіздік қызметінің электронды поштасына арыз түсірген. Көлік прокуратурасының прокуроры Бауыржан Қоржымбаевтың айтуынша, қытайлық азаматтың өкілінен соңғы 50 мың теңгені алған кезде полиция қызметкері қолға түсті. Судья Гүлнар Тлепова полиция қызметкері Айдос Игимбетовті 7 жылға бас бостандығынан, капитан шенінен айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар, бұған дейін кепілмен жүрген сотталушы сот залынан қамауға алынды. Әрі қытайлық азаматтың өкілінен алған 150 мың теңгені кері қайтарады. 32 жастағы полиция қызметкерінің жеке мүлкі тәркіленеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера