Қаз   Рус

Таразда латын қаріпінде жазылған құжаттардың көрмесі өтті

32 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 06 Фев 2018, 09:30

Жамбыл облысының мұрағаттарында латын әріпінде жазылған көптеген құжаттар мен мерзімді басылымдар сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық мәдениет, архив және құжаттар басқармасы жетекшісінің орынбасары Сара Мәдиеваның айтуынша, облыстық мемлекеттік архивінде 30-шы, 40-шы жылдардағы латын әліпбиі негізінде қазақ тілінде жазылған құжаттар бар.

«Біз 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиімен жазылған барлық құжаттарды зерделеп, жарияладық. Олардың барлығы да латын әліпбиінің сол кездерде-ақ тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Бұған қалың көпшіліктің көзін жеткізу үшін бүгінгі көрмені ұйымдастырып отырмыз»,-деп түсіндірді ол.

Сирек кездесетін құжаттардың арасында 1935 жылдың 17 наурызында Жамбыл педагогикалық училищесінің жұмыс істей бастағандығы туралы құжат ерекше атауға тұрарлық. Қала тұрғындары арасында сауатсыздықты жою туралы шешім де бар, оған қарап 1929 жылы латын әліпбиіне көшетін тұста арнайы комиссия мен сауатсыздықты жою жөніндегі курстар ұйымдастырылғандығын, ұстаздарды оқытып, білім беру бағытында шаралар жүзеге асырылғандығын көруге болады.

Мұрағатты латын қаріпінде жариялаған басылымдардың тігінділері де бар. Мысалы Сарысу аудандық «Социалистік шаруа» басылымы 1941 жылға дейін латын жазуымен шығып тұрған.

Көрмеде Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жамбылдық мерген Ибрагим Сүлейменовтың майданнан латын қаріпінде жазған хаттары сақталған. Жамбыл мұрағаттарында 1930-1934 жылдардағы құжаттар, аудандардың бастауыш партия ұйымдары жиындарының хаттамалары, аудандық комитеттер мен аудандық атқару комитетінің сондай-ақ колхоздардың қаулылары мен шешімдері бар.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу үдерісіне жаһандық өзгеріс ретінде емес, бұрын қолданылған әліпбиге қайта оралу деп қараған жөн. Ал Қазақстан тұрғындарына білім берудің қазіргі заманғы үлгісі бұл үдерісті жедел, тиімді етеді, деп есептейді облыстық мәдениет, архив және құжаттар басқармасының мамандары.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера