Қала тұрғыны өзіне қол салған видеоны күәгерлер желіге таратып жіберген
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған фактімен Талдықорған қаласының ІІБ полицейлері айналысуда, деп жазады Stan.kz. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Оқыс оқиға кеше күндізгі уақытта болған. Асылып тұрған жігітті көрген куәгерлер, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген.