Қаз   Рус

Сүндет Байғожин әйгілі Рим опера театрының солисі атанбақ

139 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 13 Ноя 2017, 18:50

Рим опера театры «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинмен келісімшарт жасасуға ниетті. Танымал опера әншісі шарттары қатаң іріктеуден өтіп, Еуропаның ең атақты театрларының біріндегі тұңғыш қазақстандық солист атанбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тыңдау кезеңіне түрлі елден көптеген талантты баритон-әншілер қатысқан. Ақтық сынға жеңіске үмітті үздік бестік өткен. Нәтижесінде, екі жылдық келісімшарт қазақстандық вокалист Сүндет Байғожинге ұсынылды. Қатаң комиссия құрамына Рим опера театрының шығармашылық басшылығы мен әйгілі опера әншілері мен ұстаздар енген. Әділқазы мүшесі, танымал баритон Доменико Колаянни атап өткендей, Сүндет Байғожиннің шеберлігі аты аңызға айналған миландық Ла Скала әншілерінен еш кем емес. Керемет вокалдық мүмкіндігін көрсеткен Сүндет Байғожин В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан граф Альмавива ариясын, Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Фигаро ариясын, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындаған. «Мен өз елімнің патриотымын. Театрымды жақсы көремін және болашақтағы барлық жетістіктерімді Отанымның игілігіне арнасам  деймін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлесімді қосу мен үшін аса маңызды. Президенттің жолдауында қазақстандық өнерді әлемдік мәдени кеңістікте танымал ету, дәріптеу қажеттігі айтылған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіремін, сонымен қатар әріптестерім мен театр басшылығына көрсеткен қолдауы, артқан сенімі және отандық әрі шетелдік сахнада жарқын қойылымдар мен концерттік бағдарламаларда өнер көрсету мүмкіндігін бергені үшін зор алғысымды айтамын», - дейді Сүндет Байғожин. Әнші алдағы екі жылда Римде қыруар еңбек пен жұмыстың күтіп тұрғанын атап өтті. «Өзімді жақсы жағымнан көрсетуім қажет. Осынау баға жетпес тәжірибе шығармашылық өсуім үшін аса маңызды кезең. Болашақта классикалық өнер сүйер қауымды жаңа партиялармен, спектакльдермен қуантуға үміттенемін. Атақты баритон Ермек Серкебаевтың арманы Еуропаның үздік сахналарында Қазақстан мәдениетін асқақтату болған еді. Пір тұтқан тұлғамның арманын іске асыруды қалаймын, себебі қазақстандық опера өнері барша әлемге танылуға әбден лайықты», - деп қосты солист. Айта кетсек, Сүндет Байғожин - көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде Б.Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауының Бас жүлдегері, Италиядағы Toti dal Monte (Трэвизо қ.) халықаралық байқауының және  Arena di Verona қорының опера әншілер байқауының және т.б. сайыстардың жеңімпазы. Әртіс Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаңдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемге танымал саханаларда, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түркіменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде орасан зор жетістікпен өнер көрсеткен.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера