Қаз   Рус

Өскемен мешітінде уағызды енді онлайн жүргізеді

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 11 Янв 2018, 08:30

Өскемендегі Халифа Алтай мешіті андроидты құрылғыларға арналған онлайн уағыз қосымшасын жасап шығармақ. Бұл туралы ғибадат үйінде өткен ашық есік сағатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Өңірдегі 14 діни конфессияның басшылары облыстық мешіт ұйымдастырған ашық есік сағатында бас қосты. ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай дін өкілдерімен ашық сұхбат өткізіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен, халыққа көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды. Өз кезегінде конфессия өкілдері исламда кең таралған ұғымдар туралы сауал қойып, білім көкжиегін кеңейтуге тырысып жатты. Бұл шара осы мешіт базасында ұйымдастырылған мұсылман қыз-келіншектердің республикалық семинарына дөп келіпті. Аталмыш семинарға  ҚМДБ атынан қатысушы наиб мүфти Нұржан Есмахан да конфессия өкілдерімен кездесіп, ел бірлігін бекемдеу жолындағы жұмыстарына табыс тіледі. «Біздің ел үш жылда бір рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізіп келеді. Оған Елбасымыздың өзі төрағалық ететінін де жақсы білесіздер. Өскемендегі ашық есік сағаты сол басқосулардың жаңғырығы іспеттес. Ел ішіндегі ынтымақты нығайтудағы ортақ істеріңіз берекелі болсын», - деді Бауыржан Есмахан. Конфесиия өкілдері облыстық мешіттің өз жұмысына ақпараттық технологияларды батыл енгізіп жатқанын ерекшелік ретінде атады. «Имамның айтуынша мұндағы діни қызметкерлер электронды тестілеу арқылы сынақтан өтіп тұрады екен. Дәріс залдары бірнеше тілдегі діни әдебиетпен, компьютер сыныптарымен жабдықталыпты. Заман ағымынан қалмай, оны өз жұмыстарына икемдеп алғандары ұнады», - дейді Өскемен және Семей епископы Андрей Бондаренко. Өңірдің өкіл имамы Ермек Мұқатай алдағы екі айдың ішінде намаз уақытындағы уағыздарды онлайн режимде трансляциялайтын андроидтық қосымша дайын болатынын жеткізді.   «Бұған дейін біздің практикамызда Skype жүйесі арқылы онлайн уағыздар жүргізу болған. Бірақ оның ауқымы да аудиториясы да тар еді. Ал андроидтық қосымша  кез келген ұялы телефон иесіне қолжетімді. Бағдарлама 90 пайызға дайын. Екі айдың ішінде іске қосылады деп отырмыз. Оның қаржылық шығынын демеушілеріміз көтеріп отыр, - дейді өкіл имам.

Имамның айтуынша бұл қосымшаға бес уақыт намаз кезінде айтылатын уағыздардан бөлек электронды кітаптар да енгізілмек. Діни әдебиеттермен қоса Абай, Шәкәрім сияқты тұлғалардың еңбектері, салт-дәстүр сипаттары да қосымшаның мазмұнын байытуы тиіс. Ашық есікке жиналған конфессия басшылары мұндай шараны тұрақты өткізіп тұруға уағдаласып тарады. Дәстүрге айналатын басқосуды әр жолы  әр түрлі конфессия ұйымдастыратын болады.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера