Қаз   Рус

Сирияда қазақстандық 400-дей бала жүр

75 қаралды
0
kaztag.kz
Понедельник, 13 Ноя 2017, 17:50

Сирияда қазақстандық 400-дей бала жүр, деп хабарлады «Вечерняя Астана»-ға сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Біз күйеулерінің діни көзқарастарына байланысты жиі зорлық-зомбылыққа ұшырайтын  әйелдермен тығыз жұмыс жасаймыз. Оның үстіне бүгінгі таңда біздің 390-дай баламыз Сирияда жүр, қазіргі таңда оларды елге қайтару жұмыстары жүргізілуде, олармен де жұмыс жасауымызға тура келеді», - деп келтірілген дүйсенбіде жарияланған хабарда дін істері басқармасының басшысы Данияр ЕСИННІҢ сөзі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері дін істері жөніндегі елордалық басқарма салафиттік идеологияны белсенді насихаттайтын әлеуметтік желілердің 1090 қолданушысын анықтаған. Талдау көрсеткендей, әр түрлі әлеуметтік желілердегі 589 ақпарат көзі деструктивті діни идеологияны насихаттайды. Қазақстан аумағында тыйым салынған және деструктивті идеологияны насихаттайтын 1277 мақала, соның ішінде террористік актілер жасауды да насихаттайтын материалдар бар.

«Біз өз тарапымыздан да желідегі заңсыз миссионерлік қызметі үшін жауапқа тартамыз», - деді Д. Есин.

Сонымен қатар, басқарма басшысы атап өткендей, ұлтаралық алауыздықты тұтатқаны үшін 3 адам жазаланған. Енді олармен құқыққорғау органдары айналысып жатыр.

Дін істері басқармасы конфессияаралық алауыздықты тұтату, деструктивті діни ағымды насихаттау, экстремизм мен терроризмді насихаттау туралы әлемнің түрлі өңірлеріндегі 2,5 мыңнан астам интернет-көздер қамтыған. Мамандар сайттарды ағылшын, орыс, қазақ, парсы, түрік және араб тілдерінде талдайды.

Астанада тұрақты діни жағдайды қолдауға құрамына дінтанушылар, теологтар, психологтар, меморган өкілдері, полиция - барлығы 100 адам кіретін ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы да ықпал етеді. Өткен жылы олар аудиториясы 31 мың адам болатын халықпен 438 кездесу өткізді. Жалпы 3 жылға басқарма  626,5 млн теңге бөледі, оның 198 млн теңгесі  2018 жылға арналған. Бұл ретте елордадағы діни жағдай туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, болжау, зерттеу туралы жұмысқа  291 млн теңге  керек. Одан басқа радикалды діни ағымды ұстанушылар мен олардың ықпалына ұшырағандарды оңалту 17 млн теңгеге бағаланып отыр. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера