Қаз   Рус

Шымкенттік миллиардер өзінен ақша бопсалағандарды кешірді

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 21 Дек 2017, 18:00

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шымкенттік кәсіпкер Серікжан Сейтжановты бопсалағандардың ісі қаралуда. Кезекті сот отырысында қазақстандық миллиардер айыпталып жатқан серіктесі Бөкейхан Қайыпназаровқа кешірім беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сотқа жәбірленуші ретінде қатысқан Серікжан Сейтжанов бұрынғы серіктесінің отбасылық жағдайын ескере отырып, оған кешірім беретінін айтты. Себебі, айыпталушы жауап беру барысында өзінің екі әйелі мен олардан жеті перзенті бар екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, Кәсіпкер  сотқа Бөкейхан Қайыпназаровтың алдында бұрынғы берешегінен құтылып қойғанын, қазіргі таңда қарыз еместігін жеткізді.  Яғни, 1998 жылдары туындаған қарыздың орнына сот шешімімен Желтоқсан көшесіндегі 19 үйде орналасқан ғимарат берілген. Алайда соған қарамастан серіктесі бопсалауын қоймапты. Десе де айыпталушының қорғаушысы Айқымбек Бектөреев милиардер Серікжан Сейтжановтың қарызын толық өтемегенін алға тартты. Еске салайық, аса ірі көлемде ақша бопсалау қылмысы Шымкентте орын алған болатын. Бөкейхан Қайыпназаров есімді азамат танымал кәсіпкер Серікжан Сейтжановтан бұрынғы қарызы 7 миллион АҚШ долларын талап еткен. Ол сәуір мен шілде айы аралығында  кәсіпкердің ұялы телефонына бірнеше рет хабарлама жіберіп, ірі көлемдегі берешегін қайтармаса, Сейтжанов пен оның туыстарына қатысты мәліметтерді ғаламторға жариялайтынын жазған. Соңынан айыпталушы 15 тамызда  ақшаны алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Оның қалтасынан 20 мың АҚШ доллары тәркіленіп,  көлігінің  багажынан 3 млн АҚШ долларының муляжі табылған. Тергеу барысында оның үстінен ҚР ҚК  194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы «Қорқытып алу» бойынша іс қозғалып, іс сотқа өткізілген. Егер қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Айта кетейік, Серікжан Сейітжанов «Forbes» дерегі бойынша еліміздегі елу ықпалды бизмендер тізімінде 18-ші орында тұр. Ол «Саутс-Ойл» серіктестігінің бақылау пакеті акциясына ие. Аталған компания Қызылорда өңірінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру ісімен айналысады.    


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера