Қаз   Рус

Шоқай Датқа кесенесі қайта жаңғыртылды

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 22 Янв 2018, 09:30

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылының шетінде орналасқан Шоқай Датқа кесенесі қайта жаңғыртылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шоқай Датқа кесенесі ХVІІ-ХVІІІ ғасырға жататын архитектуралық ескерткіш. Ескерткішке зерттеу жұмыстарын 1946 жылы «Казпроектреставрация» мамандары мен Орталық Қазақстан археология экспедициясы мамандары жүргізді. 1982 жылы ескерткіш Қазақ КСР-нің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды. Шоқай Датқа кесенесін бауыры Шәкен мен ұлы Төрегелді салдырған. Кесененің сыртқы қабырғасының ұзындығы 8 м, ені  7 м. Кесененің негізгі қабырғасы қам кірпіштен қаланып, сыртына күйдірілген кірпіштер қаптама ретінде қолданылған. Кесененің сырқы қабырғасына пайдаланылған кірпіштер құрылыс орнында күйдірілген. Кірпіштерді  күйдіру үшін сол аймақтарда өсетін баялыш шөбін пайдаланған. Баялыш шөбі кірпішті жақсы күйдіруімен қатар, кірпішке ерекше әдемі иіс береді. Кірпіштің құрылымы біркелкі болу үшін балшығын  арнайы жылқыға таптатып илеткен деген дерек бар. Үлкен бір бөлмеден тұратын кесене ішінде күмбезді белгі тастабыт орналасқан. Кесененің қасбетіндегі арка үшкіл пішінде болса, кесенеге кірер тұстағы арка тіктөртбұрышты. Кіре беріс қақпаның (арканың) бүйірлерінде әсемдік үшін тереңдетіп салынған текшелер бар. 2017 жылы «Қазақайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізген қайта жаңғырту жұмыстарының  нәтижесінде Шоқай Датқа кесенесі толықтай қалпына келтірілді. Кесененің еденіндегі жарамсыз күйге түскен плиталар алмастырылып, күмбездің қаптама және ішкі бөлігіндегі кірпіштері ішінара алмастырылып, күмбезге гидрооқшаулау жұмысы жүргізілді. Шоқай Датқа кесенесінің сыртқы қабырғасындағы беткі қабат (қаптама) кірпіштері толығымен алмастырылып, ішкі қабырғаны сылау жұмысы толығымен жүргізілді. Сонымен бірге, іргетастың іші-сыртындағы ылғалды реттеп тұру үшін арнайы жүйе орнатылды. Айта кетейік, Шоқай Датқа өз заманында беделді, ықпалды тұлға болған. Ел арасын тату ұстау үшін күш салып, қазақ-қырғыз арасындағы дау-дамайларды шешкен. Шоқай Датқаның қызметі мен өмірі жайлы тәуелсіздік жылдарынан бастап  жарық көрген біршама еңбектер бар. Атап айтар болсақ, Ж.Миллионовтың құрастыруымен шыққан «Шоқай Датқа» кітабы, ақын Маралтай  Ыбыраевтың дастаны.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера