Қаз   Рус

ШҚО егіншілері әкімдіктің талаптарына қарсы

12 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 29 Ноя 2017, 14:00

Шығыс Қазақстан облысының егіншілері әкімдіктің ай сайын есеп беру туралы жаңа талабына қарсылық білдіруде, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Сақтаушы, сақтандырушы, агент және өзара сақтандыру қоғамының бақылау қызметтерін жүзеге асыру үшін берілетін қажетті ақпарат және құжаттардың нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» жобада облыстың кәсіпкерлік палатасы егінші-кәсіпкерлердің пайдасына жазылмаған  бір тармақпен келіспейтіндерін айтты. Жергілікті биліктің палатаға келісу үшін берген құжатында егінші ауыл шаруашылығы басқармасына міндетті сақтандыру шартын жасағандығы туралы ай сайын есеп беріп отыруы керек. Палата аталмыш ақпараттың тиімділігі мен негізділігіне күмән келтірді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Соған байланысты өңірлік палата өңірдегі егіншілердің қызметін реттеуді күшейтуге қарсылық тудырып, ШҚО әкімдігі қаулысының жобасына түзетулер енгізді.

«Жоба сақтандырушы-кәсіпкер үшін ай сайын есеп беру керек деп белгілеген, яғни егіншілік саласындағы кәсіпкерлердің қызметін реттеуге бақылау күшейтілген. Мұндай өзгерістің неге байланысты енгізілгені түсініксіз. Егер міндетті сақтандыру шартының егін егу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылына 2 рет жасалатынын ескерсек. Басқаша айтсақ, кәсіпкер көктемде және күзде тұқым сепкеннен кейін өз егістігін, яғни болашақ өнімін табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтайды», - деп атап өтті ҰКП.

Даулы тармақты, аталмыш жобаны әзірлеуші меморган қайта өзгертті.

«Өзгертілген нұсқасында міндетті сақтандыру шартын жасағандығы туралы ақпарат көктемгі-күзгі егістік жұмыстары аяқталғанан кейін және міндетті сақтандыру туралы тиісті шарт жасалғаннан кейін 30 күн ішінде ұсынылуы керек. Жаңа редакциядағы жоба тиісті құрылымдарға екінші қайтара жолданды және қарауда жатыр», - деді «Атамекен» ұлттық палатасынан.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера