Қаз   Рус

ШҚО-да Ертіс бетінде мұнай дағы пайда болды

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 05 Фев 2018, 15:30

Ертіс өзенінің бетінде мұнай дағының пайда болу себебін құзырлы органдар анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен аптаның жұмасында болған. Экологиялық қауіпсіздік орталығына Ертістің бетінде жанармай дағы пайда болғаны туралы дабыл түседі. Сол күні аталмыш орталық мамандары мен экология департаментінің өкілдері оқиға басына барып, судың бетінен сынамалар алған болатын. Жүргізген талдаулар судың құрамындағы мұнайдың үлесі мөлшерден 60 есе артқанын көрсеткен. Ағыстың сәл жоғары бөлігінде мұнайдың судағы үлесі 14 есе көп екені белгілі болды.

«Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС-нің директоры Геннадий Корешков өзенге мұнай өнімі Кемежай ауданынан жетуі мүмкін деген болжам айтады. «Жақын маңда жанармай стансасы тұр. Одан ақау шықса, өзенге мұнай өнімі әлі де құйылып жатар еді. Қазір ол дақтың ізі де қалмаған. Сәл жоғарыда құм таситын қайықтар тұрады. Солардан тарады ма деп отырмыз. Әйтпесе біреудің қасақана суға жанармай құюы мүмкін емес», -  дейді Геннадий Корешков. 

Бұл келеңсіз жағдайдың себебін анықтауды облыстық экология департаменті қолға алды.  

«Дақ пайда болған ауданнан үш қайық табылды. Оқиғаға қатысты жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, судың ластану көзін анықтау үшін Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына хат жолдадық. Экология заңнамасын бұзушыларды тапқаннан соң қоршаған ортаға келген зиян мөлшерін анықтаймыз» -  дейді департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ермак Баркышев.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера