Қаз   Рус

«Рух» әдеби байқауының лауреаттары анықталды

23 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 15:30

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау мен қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнатуды көздейді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау 8 номинация бойынша жүргізілді және оған Қазақстан мен көптеген шетелден қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі алуан түрлі жанрдағы 1000-нан астам туынды келіп түскен және оның 899-ы байқау талаптарына сай келіп, «Әдебиет» порталына жарияланған. Байқаудың «Проза: роман, повесть» номинациясы бойынша 1 орын дипломын, арнайы кәдесый және 1 миллион теңге сыйақыны «Жылқы атылған жаз» романы үшін Ырысбек Дәбей иеленсе, Бас жүлде мен 2 миллион теңге ақшалай қаражат «Рухтар жерден кетеді» романы үшін Тынымбай Нұрмағамбетовке берілді.

«Проза: әңгіме, эссе» номинациясындағы 1 орынды «Дайағашшы» эссесі үшін Ұларбек Нұрғалым, Бас жүлдені - «Тағдыр» әңгімесінің авторы Несіпбек Дәутайұлы жеңіп алды. «Поэзия: поэма» номинациясындағы 1 орын «Жаңғыру жыры» поэмасы үшін Несіпбек Айтұлына, Гран-при - «Рух жыры» туындысы үшін Бақыт Беделханұлына табыс етілді. «Поэзия: топтама өлеңдер» санатында 1 орынға «Рубаи» өлеңдер топтамасы үшін татарстандық Рауза Хузахметова лайық деп танылды. Бас жүлде - «Құдайға қарайтындай қасқайып...» атты өлеңдер топтамасы үшін Ықылас Ожайұлына берілді. «Үздік драматургия» номинациясында 1 орынды «Мен, мен ешкім де емеспін» пьесасы үшін Ардақ Нұрғазы жеңіп алды. Бас жүлде - «Қазақша ашылып сайрау» пьесасы үшін Серік Асылбековке табысталды. «Үздік әдеби сын» 1 орын дипломымен «Маркестің қара қолғабы» мақаласы үшін жас сыншы Бекзат Смадияр марапатталды. Ал бас жүлде мен 2 миллион теңге сыйақы «Тұрақсыз әлемнің суреткері» үшін Амангелді Кеңшілікұлына бұйырды. «Поэзия (балаларға арналған өлеңдер)» бойынша 1 орынды «Балапаным, аузыңды аш» өлеңдер топтамасы үшін Құл-Керім Елемес иеленсе, «Қасиетті Қазақстан» топтамасының авторы Серікбол Хасан бас жүлдені жеңіп алды. Соңғы «Проза (балаларға арналған прозалық шығармалар)» санаты бойынша 1 орын мен 1 миллион теңге «Зов Солнца» шығармасы үшін алматылық Лилия Калаусқа, бас жүлде мен 2 миллион теңге сыйақы - «Құрбы қыздар құпиясы» роман-фэнтэзиі үшін Айсұлу Алмашқа берілді.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера