Қаз   Рус

Президенттің жаңа кітабын оқу құралы ретінде пайдалану ұсынылды

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 15 Дек 2017, 17:00

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы - Қазақстан жолының айнасы. Бүгін аталған кітаптың тұсаукесерінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көптен күткен кітапқа бүгін қол жетті. Бұл еңбек осы отырған әрқайсымыздың, әрбіріміздің тағдырымыз туралы. Сонымен қатар, кітап еліміздің ширек ғасырдағы бары мен нары туралы, еңбегіміз бен елдігіміз жайында өрбіген. Сондықтан оны еліміздің барша азаматтары бір кісідей оқып шығуы керек. Кітапты парақтап, ой түйген абзал. Өйткені бұл кітап - Қазақстан жолының айнасы. Елбасының ерлігі, ақылы, парасаты, табандылығы, шеберлігі, қажыр-қайраты, мейірімі мен төзімі, көрегендігі көрсетілген», - деп атап өтті ғалым.

Сонымен қатар, ол тұсаукесер алдында біраз азамат осы кітапты оқу мүмкіндігіне ие болғанын жеткізді. «Сондықтан да бұл кітап - тұжырымдамалы іргелі еңбек. Біз, тарихшылар, ширек ғасырымызды байыптайтын әрі шынайы баға беретін өрелі еңбекті күтіп жүргенбіз. Оны Елбасының жазуы еліміз үшін де, елдігіміз үшін де үлкен оқиға деп білемін. Бұл еңбек жаңа мемлекетті өз қолымен, өз бастамасымен тұрғызған аса ірі тарихи тұлғаның әрі жылнамасы, әрі дәуірнамасы. Президент Тәуелсіздіктің елең-алаңынан біздің өз жолымыз бар деп мәлімдеді. Бұл кітап Қазақстан жолының күнделігі, шежіресі. Маман ретінде айтарым, Елбасы Тәуелсіз елдің мәртебелі тарихын канондық үлгіде жазып берген. Тарихты тұлғалар жасайды, тарих тұлғаларды анықтайды», - дейді Е. Сыдықов.

Осы орайда ол мемлекет құрудың жөн-жосығын да, теория-тәжірибесін де ғылыми өреде меңгерген Нұрсұлтан Әбішұлының ел тарихын жазуға толық моральдық құқы бар екенін қадап айтты. «Елбасы кітабының алғашқы оқырманы болу мен үшін және осы отырған Сіздер үшін зор мәртебе деп білемін. Осы орайда университет басшысы, Тарихшылардың ұлттық конгресінің төрағасы ретінде тиісті ұсыныстарды жасаймын. Біріншіден, бұл еңбекті оқу құралы ретінде білім жүйесінде кеңінен пайдалану қажет. Екіншіден, кітаптағы тұжырымдамалы ойлар мен маңызды фактілер бойынша түрлі мәдени-танымдық шаралар кешенін ұйымдастыруымыз қажет. Үшіншіден, бұл кітап ел тарихын, оның деңгейін танытатын еңбек болғандықтан, тез арада БҰҰ-ның тілдеріне аударып, бастыртып, әлемге таратқанымыз жөн. Төртіншіден, технология дәуірінде бұл кітапты цифрлық жүйеге түсіріп, түрлі форматта насихатту керек», - деп түйіндеді сөзін тарихшы.  

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера