Қаз   Рус

Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде жарық көрген кітабы көрмеге қойылды

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 22 Дек 2017, 16:00

Солтүстік Қазақстандағы арнайы жәрмеңкеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Көрмеге облыстағы барлық ауданнан экспонаттар қойылды. Олардың арасында тарихи құжаттар, халық шығармашылығы бұйымдары, киелі мекендердің макеттері, т.б. болды. Сондай-ақ көрме аясында құмыра жасау және саз илеу өнері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. «Әрбір аудан қай бағытта жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи құндылықтар мен ұлттық кодты сақтап қалуға бағытталған. Әр аудан дербес жоба әзірлеп, ауқымды жұмыстар атқарды. Көрмеде ол көрсетілді де. Мұнда балалардың өнер туындылары да, қолданбалы өнер үлгілері де, тарихи құжаттар да бар», - дейді «Абылайханның резиденциясы» музей кешені директорының орынбасары Әсемгүл Қыдбекова. М. Жұмабаев ауданы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Серік Жұмағұлов жергілікті музейде Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде жарық көрген кітабы да бар екенін айтты. «Бұл біздің аудандағы ақынның жалғыз кітабы. Ол төңкеріске дейін араб жазуымен басып шығарылған. Мағжан Жұмабаевтың 1924 жылы шыққан «Педагогика» кітабының дизайнерлік көшірмесі бар. Оның түпнұсқасы Түркістанда сақтаулы. Тағы бір тамаша экспонатымыз бар, ол - ақын Мағжанның латын графикасымен жазылып, Түркияда баспа бетін көрген кітабы», - дейді Серік Жұмағұлов. Аудандық музейден ауыл адамдарының латын графикасымен жазылған құжаттары да табылған. Олар да көрмеге қойылды. Еске сала кетсек, тамыз айында облыстық көрмеде Мағжан Жұмабаевтың бұрын құпия болған қолжазбалары да жұртшылыққа ұсынылған болатын.  


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера