Қаз   Рус

Павлодарлық 11 шенеунік әлеуметтік желідегі суреттері үшін жауапқа тартылды

17 қаралды
0
kaztag.kz
Четверг, 08 Фев 2018, 16:30

Павлодар облысында 354 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желідегі парақшасын тексерудің нәтижесінде 11 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев айтты.

"Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру барысында 200 орынсыз сурет анықталды", - дейді Әділбек Мұқашев.

Көптеген жағдайда олар қымбат көліктің қасында және көңіл көтеру орындарында түскен. Сонымен қатар оның ішінде заңнамаға енгізілген өгертулерге қатысты дөрекі түрде былапыт сөздермен пікір қалдырған адам бар. Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау саласы бойынша өткен жылы 198 шағым түскен. Оның басым бөлігі конкурсты өткізу, лауазымдық міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін тәртіптік өндіріс салу, шағымдарды қарау тәртібін бұзу және іскери этикетті сақтамауға қатысты. Осыған байланысты жүргізілген 66 тексерістің нәтижесінде 550 заң бұзушылық анықталған. Олқылықтарды жою үшін 33 ұсыным енгізіліп, 142 адамның құқығы қалыпқа келтірілген және 77 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Мәселен, денсаулық сақтау басқармасының мамандары мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бас маманының өтінішіне сәйкес мерзімнен тыс, мерекелік және демалыс күндері атқарған жұмысы үшін өтемақы төлемеу, заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде аталған фактілер расталды және олардың құқықтары қалыпқа келтірілді", - дейді Әділбек Мұқашев.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.