Қаз   Рус

Павлодарда қыз-келіншектер қонақ күту, табақ тартудан жарысты

12 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 30 Янв 2018, 18:30

Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Қонақ күту – қазақтың бөлінбеген еншісі» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі әйел-қыздар секторының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы ұйымдастырған байқауға мешіт ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

- Қазақ елінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі – қонақжайлылығы, - дейді баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы. - Қазақ семіз қойын, басқа да жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтініп отырған. Сайыс осынау атадан балаға жалғасып ерекше құрметке бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрдің мәнін толық ашып көрсету мақсатында Құран Кәрім аятын оқумен басталды. «Абай ауылы», «Жасыбай ауылы», «Естай ауылы», «Маралды ауылы», «Кереку ауылы» деген атаумен бөлінген алты топ келді.

Үш кезеңнен тұратын сайыста алдымен топ басшылары өз топтарын мақал-мәтел, нақылдар арқылы көркем сөзбен, топтың арнайы киім үлгісі және эмблемаларымен таныстырды. Бұдан кейін «Соғым басы» немесе жергілікті атау бойынша омыртқаға шақыру дәстүрінде табаққа малдың қандай мүшелері мен қандай жіліктері сыбаға ретінде салынатыны туралы әр топтан бір әже айтып берді.

Ал қазылар алқасы оларға әртүрлі сұрақтар қойды. Келесі кезеңде «Шеке беру», «Омыртқаға шақыру», «Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлері», «Қонақжай», «Меймандостық», «Сыбаға» сөздерінің ұғымы, қазақтың қонаққа табақ тарту үлгілері, арнаулы қонақ және тағы басқа көптеген сұрақтар қою арқылы сайысқа қатысушылардың білімі тексерілді. Соңғы кезеңде ұлтымыздың қонақжайлылығы туралы көптеген ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.

Соңында «Ата сөзі – бата сөз» тақырыбында әжелер асқайыру батасының үлгілерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысын таныстырған әділ қазылар белсене қатысқан топтарға марапат хаттар тапсырды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера