Қаз   Рус

Павлодарда саунада төбелес шығарған әкім орынбасарына сот үкімі шықты

23 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 11 Дек 2017, 08:00

Павлодар облысында саунада төбелес шығарған аудан әкімінің орынбасарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.

Сот деректеріне сәйкес, 2016 жылдың 14 желтоқсаны күні, сағат 20.00 шамасында Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары саунада Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өту кезінде азамат А.-ға балағат сөздер айтып, оны кеудесінен итеріп жіберген. Бұдан кейін әкім орынбасары зардап шегушінің басынан жұдырықпен бірнеше рет ұрып жіберген. «Құқық бұзушының осындай әрекеті салдарынан денсаулыққа жеңіл зиян келтірілді.

Осылайша, ол Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-1 бабының бірінші бөлігі («Соңы денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына алып келген денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру») бойынша айыпты деп танылды. Оған 15 АЕК немесе 34 035 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарланды баспасөз мәліметінде. Онымен қоса, тиісті шаралар қолдану және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында бұл ақпарат соттың жеке қаулысымен Павлодар ауданы әкімінің назарына жеткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалған жазамен келіспей, апелляцияға берді. Алайда, «Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды, қарсы шағым қанағаттандырылмады. Сот актісі заңды күшіне енді», - деп мәлім етілген хабарламада. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера