Қаз   Рус

Павлодарда оқушы сіріңкеден Яссауидің кесенесін құрастырды

16 қаралды
0
pavlodarnews.kz
Понедельник, 04 Дек 2017, 10:00

Павлодарда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Радуга детских талантов» атты облыстық балалар шығармашылығының фестивалі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.

Шығармашылық пен қолөнер шеберлерінің фестивальінде кескіндеме, тоқыма, аппликация, жүнмен жұмыс жасау, қағаз өнері, кесте, квиллинг, пейп-арт, тігу, ағаш кесу, металлды көркем өңдеу, табиғи және қалдықтармен өңдеу сияқты 63 жұмыс ұсынылды.

Бұл күні қатысушылар сайыскерлердің таңғажайып шығармашылық жұмыстары арқылы қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты. Байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен балалар қолөнер шығармашылық байқауының жеңімпаздары қатысты. Екібастұз қаласының оқушылары фестивальде белсенділік танытып, байқауға 22 жұмыс әкелді.

Ал қалған қатысушылар Павлодар, Ақсу қаласы мен Баянауыл және Май аудандарынан келген. 7-18 жас аралығындағы оқушылар қазылар алқасына өздерінің таңғажайып жұмыстарын дайындап әкелді. Қазылар алқасы үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Бейнелеу өнері» номинациясымен кіші жас ерекшелік категориясы бойынша Екібастұз қаласынан келген Данияр Ескелдиев «Менің әлемім» суретімен бірінші орынды жеңіп алды. Орта жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласынан «Астана - 2050» жұмысымен Самира Амангелді үздік атанды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік санатында №9 мектеп - гимназиясының оқушысы Дарья Кузьмина қағаздан «Су әлемі астында» жұмысымен ерекше көзге түсті. Орта жас санатында Екібастұз қаласынан Ксения Волкова «Күй шерткен домбыра» атты жұмысымен жеңімпаз атанды. Жоғарғы санаттағы қатысушылардан бірінші орынға қол жеткізген Екібастұз қаласынан «Ұлттық әшекейлері» атты аппликация жұмысымен Сабина Колумбаева болды. «Көркем қолөнері» атты номинация бойынша жеңімпаз атанғандар: кіші жас ерекшелік санатында Екібастұз қаласынан - Арайлым Каримова, орта және жоғарғы топтан Ақсу қаласы, Қызылжар мектебінен Темірлан Қалиев және Сұлтан Жутаев болды. Арайлым капроннан гүлдер жасаса, Темірлан - сіріңкеден кесене жасады, ал Сұлтан металлдан қыран жасап барша жұртты таң қалдырды. 

"Бұл кесене екі жылда әзірленіп, 1360 қорап пайдаланылды. Бұдан басқа, темірден қыран бүркіт жасадық. Бұл өте қүрделі жұмыс. Шыдамдылықты талап етеді. Өзіміздің «Шебер қолдар» үйірмеміз бар. Жұмыстардың барлығы өте керемет", - дейді Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің ұстазы Асқар Ақанов. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера