Қаз   Рус

Павлодарда көктайғақ салдарынан қияр мен қызанақ қымбаттады

6 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 26 Дек 2017, 10:30

Павлодар қаласындағы әлеуметтік дүкендерге көктайғақтың салдарынан көкөніс жеткізілмей қалуына байланысты кей жерлерде баға 10 пайыздан артық өскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бүгін қалалық мәслихаттың депутаты Қобыланбек Қожин мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Асипов әлеуметтік дүкендердегі күнделікті баға мониторингін жасады. «Қазіргі таңда баға өсімі жоқ. Тұрақтандыру қорында 20 тонна ақсулық қияр мен екібастұздық қызанақ бар. Көктайғақ орын алып, жолдардың жабылуы салдарынан бүгін тауар жеткізілмеді. Сол себепті, кейбір әлеуметтік дүкендерде баға өсімі байқалды. Бірақ көкөністер жеткізілген соң жергілікті қиярдың бір келісі 660 теңге болса, қызанақтың келісі 605 теңгеден аспайды», - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Асипов.

Жалпы, Павлодарда негізсіз баға көтерген дүкендер жоқ. Мұндай жағдай анықталса, «әлеуметтік» мәртебесінен айырылады. Айта кетейік, тексеріс кезінде сатып алушылардың бірі «Кутузовский» әлеуметтік дүкенінде сатушының жұмыртқа бағасын 230-дан 210 теңгеге өзгерткенін байқаған. Қалалық мәслихаттың депутаты Қобыланбек Қожин алдағы уақытта мәселенің мән-жайын анықтап, кәсіпкерлік бөлімімен негізсіз бағаны өзгерткен сатушыларды жауапқа тартатынын айтты. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера