Қаз   Рус

Павлодар облысында 400-ден астам ұстаз жетіспейді

9 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 25 Дек 2017, 08:00

Павлодар облысында келесі оқу жылына ағылшын тілі, математика және бастауыш сыныптарда білім беретін 424 ұстаз қажет, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен білім беру басқармасының алқа мәжілісінде белгілі болды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жоғары оқу орнында студенттер мектепке дейінгі және бастауыш сынып әдістемесі бойынша оқытылады. Диплом алған соң олардың 95-96 пайызы жұмысқа орналасады. Дегенмен білім беру саласының қызметкерлеріне деген сұраныс толық өтелмей отыр. Математика мен ағылшын тілі пәндері бойынша жағдай белгілі», - дейді облыс әкімі Болат Бақауов. «Кез келген адамның бұл мамандықты алып кетуге мүмкіндігі жетпейді. Алайда бастауыш сынып ұстаздарының тапшылығы түсініксіз. Бізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Биыл осы мәселе негізгі қызметкердің жүктемесін арттыру және зейнеткерлік жастағы педагогтарды тарту арқылы шешілді. Ал, келесі 2018 жылы бастауыш сынып бойынша - 63, математика бойынша - 57, орыс тілі мен әдебиеті бойынша - 50 және ағылшын тілінен 50 педагог жетіспейді. Бұл мамандарды қайдан аламыз? Әсіресе, Екібастұзда 129 ұстаз қажет». Осы мәселе бойынша жағдайды бақылуда ұстауды аймақ басшысы өзінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа тапсырды. Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымына қарасты педагогикалық шеберлік орталығының базасында облысымыздың 1919 педагог қызметкері курстан өткен. Жазғы уақытта бастауыш сынып, қазақ тілі және ағылшын тілі, физика, математика, биология, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінің мұғалімдері біліктілігін арттырды.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера