Қаз   Рус

Оқушыға қол көтерген əкім қызметінен босатылды

19 қаралды
0
Вторник, 27 Фев 2018, 08:00

Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты тəртіптік кеңестің отырысы өтті

Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушысын соққыға жығып, ес-түзсіз ауруханадан бірақ шығарған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты тəртіптік кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жыққандығы туралы жазған болатын.

Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді.

Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды. Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын атап өтті.

Бүгін осы оқиғаға себепкер Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Онда кеңес мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 10 бабының  8 бөлімшесі, 49 бабының 1 бөлігі 3, 4, 7  бөлімшелері, Әдеп жөніндегі Кодекстің 5 бөлігі 2, 7, 13 және  7 бөлігі 1 бөлімшесі бойынша айыпталған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызметші Жанат Омаровты қызметінен босату туралы бірауыздан шешім шығарды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.