Қаз   Рус

Оңтүстік Қазақстанда биогаз зауыты іске қосылды

28 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 17 Ноя 2017, 15:00

Оңтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы алғашқы биогаз зауыты іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме берген ҚазТАГ.

Хабарда айтылғандай, бүгін Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.

«Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау ғимаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды», - деді әкім.

Инициаторы «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС-гі болып табылатын жобаның құны 2 млрд. 200 млн. теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.

Жалпы облыс көлемінде Мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округінде қуаты 20 МВт «Жылға» және Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера