Қобыланды батыр көшесінде көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар оқшау аймаққа көшірілді
Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар оқшау аймаққа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үйдің 5-қабатындағы 2 бөлмелі пәтерден өрт шықты. Алдымен, қонақтарға арналған бөлмедегі жиҺаздар мен тұрмыстық заттар жанып кеткен. Өрт ауқымы 10 шаршы метрді құрады. Пәтер ішінен үш адам құтқарылды. Оның 3-еуі - сәби. Өрт 10 минут ішінде сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. Сонымен қатар, тұрғын үй кешенінде болған 20 адам оқшау аймаққа көшірілді. Қазір олардың жағдайы жақсы.