Қостанай қаласында 29 жастағы әйел ғимараттың 4-қабатынан құлап кетті
Қостанай қаласында 29 жастағы әйел ғимараттың 4-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады. «Қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 1989 жылғы әйел түсті. Ол ғимараттың 4-қабатынан құлап кеткен. Науқастың жағдайы ауыр, миына зақым келген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - деді Марал Әбілқасымов. Облыстық ІІД аталған факті бойынша мәліметті таяу уақытта беретіндігін айтты.