Қытайлық Жаңа жылды тойлауға байланысты «Қорғас» ШЫХО-да сауда 25 ақпанға дейін уақытша тоқтатылады
Қытайлық Жаңа жылды тойлауға байланысты «Қорғас» ШЫХО-да сауда 25 ақпанға дейін уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ҚазТАГ khorgos.biz сайтына сілтеп.
«Шығыс күнтізбесі бойныша Жаңа жылды тойлауға байланысты «Қорғастағы» бутиктердің көбі 2018 жылдың 11-25 ақпаны аралығында жабық болады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қытайлық тараптың сауда үйлері уақытша жабылады.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы сағат 07.0-19.00 дейін штаттық тәртіпте жұмыс жасайды.