Қаз   Рус

«Оралман» фильмі Германиядан жүлделі оралды

10 қаралды
0
24.kz
Понедельник, 20 Ноя 2017, 16:35

Қарашаның 9-19 аралығында Германияда өткен 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінде «Оралман» фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды деп хабарлайды 24.kz. Одан бөлек, кинофестивальдің ұйымдастырушылары аталған кинотуындыны Германияда прокатқа шығаруына ұсыныс жасады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген режиссері Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі аталған кинофестивальдің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынған болатын. Биыл фестивальдің бас жүлдесіне 22 елден 21 картина таласқа түскен. «Мәдени және діни өзгешеліктеріне қарамастан, өз еліне қайта оралған отбасының драмалық оқиғасы эмоционалды әсерлі баяндалғаны үшін марапатталады», – делінген фестивальдің ресми сайтында.

Мангейм-Гейдельберг кинофестивалінің нәтижесі бойынша, байқаудың «Үздік толықметражды фильмі» атты бас жүлдесі режиссер Вито Пальмиеримнің «Техаста көрісерміз» атты итальяндық картинаға бұйырды. Ал филиппиндық режиссер Багане Фиол түсірген «Ормандағы серуен» фильмі фестивальдің арнайы жүлдесімен марапатталды. Сонымен қатар «Күзетші» (Доминикан Республикасы, Пуэрто-Рико, Бразилия), «Қасиетті ауа» ( Израиль) және «Мұртаза» (Түркия) атты фильмдер қазылар алқасының құрметті сыйлықтарымен марапатталды. 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінің халықаралық қазылар алқасының құрамына Германияның танымал киноматографистері Клаудиа Ландсбергер, Кристиан Юль Лемче және Клеменс Клопфенштейндер кірді. Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалі 1952 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестиваль киноиндустрияның кәсіби мамандарына және киносүйер қауымға арналған. Жыл сайын фестивальге 500 кәсіби маман мен 60 мың көрермен қатысады. Бұл өз кезегінде кинофестивальдің ауқымы кең және Германиядағы ең ірі фестивальдердің бірі екенін дәлелдейді.
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера