Қаз   Рус

ОҚО-да «Көкжалдар» фильмінің тұсауы кесілді

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 15 Ноя 2017, 09:30

Оңтүстік Қазақстан облысында  жаңадан  түсірілген "Көкжалдар" фильмінің тұсауы кесілді. Танымал режиссер Еркін Рақышевтың туындысы қасқырдың баланы қолға түсіру кезіндегі түрлі шытырман оқиғалардан құралған, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық мəдениет басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен шарада толықметражды фильм туралы кеңінен айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында көрсетілген тарихты білу жəне текті тану,  ұлттық кодты табу мəселесі осы туындының өзекті арқауына айналған

 Фильмнің басты мақсаты да аңыз-əңгімелерге сүйене отырып, көкбөріге телінетін қазақ болмысын сипаттау болып табылады. Сонымен қатар қасқырдың текті мінезін негізге ала отырып, ұлттың бойында жоғалып бара жатқан асыл қасиеттер мен адами құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, намысын ояту, рухын көтеру екені сөз болды.

Айта кетейік, фильм аңшының қасқырдың арланын атып алу сəтінен бастау алады. Тірі қалған екінші бөрінің кек алу жолында аңшының үш айлық баласын ұрлап кетуі жəне асырап, өсіруімен жалғасын табады. Ақсу-Жабағылы қорығында түсірілген фильмде қасқырлармен бірге жүрген адам тектес мақұлықты ұстау сәттері де көрініс тапқан. Басты рөлдерді  Жандос Исаев, Ержан Жарылқасынов, Арай Өмірова сомдайды. Ал, сценарийін  Рамазан Құрманбаев пен Еркін Рақышев жазған. Киноны алғашқы рет  оңтүстіктегі көрермендер тамашаласа, алдағы кезде оның көрсетілімі Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтау, Атырау, Тараз  қалаларында да өтеді деп жоспарланып отыр. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера