Қаз   Рус

ОҚО-да ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлікпен адам қағып кетті

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 09:00

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыл әкімі ішімдікке тойып алып, қызметтік көлікпен адам қағып кеткен. Содан соң оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ал жол көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған Бөржар ауылының 47 жастағы тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсіп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Кейіннен белгілі болғандай, адам қағып қашып кеткен сол ауылдың әкімі екен. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың сөзінше, жол көлік оқиғасын жасаған Бөржар ауылдық округінің  әкіміне  қатысты қылмыстық іс қозғалған. «Оқиға орнына барған полиция қызметкерлерінің анықтағаны ВАЗ-2107 қызметтік автокөліктің жүргізушісі адамды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. 2001 жылғы куәгердің берген дерегі бойынша кінәлі азамат анықталды. Адам қаққан күдіктіні полицейлер үйінен ұстады.  Қазіргі таңда 1972 жылы туған автокөлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-ші «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы және 347-ші «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалардың қорытындысы бойынша оның мас халде болғаны расталған. Жәбірленуші азаматтың тірі қалуына байланысты ол қамауға алынбаған», - деді Салтанат Қаракөзова. Ордабасы аудандық әкімдігінің мәліметінше, жол көлік оқиғасын жасаған әкім қазір денсаулығына байланысты демалысқа шығып, ауруханада жатыр. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера