Қаз   Рус

Несиесін қайтара алмай жүргендер нені білуі керек

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 10 Янв 2018, 09:30

ҚР Ұлттық банкі коллекторлық қызметтің борышкерлермен жұмыс істеу барысындағы негізгі қағидаларын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Коллекторлар борышкерлерге таңғы 08.00-ден 21.00-ге дейін күніне үш рет қана хабарласа алады. Оларға апта ішінде 3 кездесу өткізуге ғана рұқсат етілген және таңғы сағат 08.00 мен 21.00 аралығында бір реттен артық кездесуге тыйым салынған. Сондай-ақ, кездесудің уақытын борышкер белгілейді. Және мұның барлығы жұмыс күндері ғана жүргізілуі тиіс, мереке және демалыс күндері кез келген байланысқа рұқсат етілмейді. Коллекторлық агенттіктерге борышкерді өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеудің кез келген тәсілін қолдануға заң жүзінде тыйым салынады. Атап айтқанда, жалған ақпарат таратуға, өміріне қауіп төндіруге, бопсалауға, алаяқтық жасауға, қарызын өтеу үшін борышкерден ақша немесе мүлік алуға, несие берушінің құпиясын ашуға болмайды. Коллекторлық агенттіктерде  іскерлік абырой-беделі таза, психодиспансер, наркодиспансер және тубдиспансерде есепке тұрмаған мамандар жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Ұлттық банктің есептік тіркеуіне 60 коллекторлық агенттік өткен, олардың басым бөлігі Алматы қаласында (34) тіркелген.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/nesiesin-kaytara-almay-zhurgender-neni-bilui-kerek_a3118254

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера