Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына сапары туралы видеоролик жарияланды.
Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Минкіге ресми сапары аясында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамдағы келіссөздер өткізді.
«Осы жылдардың ішінде біз сізбен бірге достық пен ықтымақтастықтың қуатты экономикалық, саяси базасын қалыптастырдық. Қиын жағдайда сіз, Александр Григорьевич еліңіз үшін көп іс тыңдырдыңыз. Беларусь дамыған нағыз еуропалық елге айналды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы екі елдің көптеген салаларын қамтитын құжаттарға қол қойды.
«Бүгін көптеген құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінен мен 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шартты айрықша бөле атап өтемін. Оның кешенді сипаты екі елдің ынтымақтастығы үшін жаңа стратегиялық бағдарды айқындайды. Ең бастысы бізде ортақ ниет, ортақ көзқарас бар. Біздің серіктестігіміз бен мүдделестігіміз екі мемлекет пен халық үшін біртіндеп, арта түсуде», - деді Қазақстан Президенті Беларусь Президентімен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында.