Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды ҚазТАГ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
«Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды. Сонымен қатар, Елбасы жол-көлік және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жолдардың және қала тұрғындарына арналған демалыс орындарының құрылыс жоспарларымен танысты»,- делінген хабарда.
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.