Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде Ақордада кеңес өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қатысты», - делінген Ақордадағы хабарда.
ҚР президенті баспасөз қызметінде нақтылағандай, мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
«Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Еске салсақ, ҚР президенті Н.Назарбаевтың Америка президенті Д.Трамптың шақыртуымен 15 қаңтардан бастап 18 қаңтар аралығында АҚШ-қа ресми сапармен барып келді. Бұған дейін келіссөздер қорытындысы бойынша белгілі болғандай, Қазақстан мен АҚШ саясат және қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Кездесу қорытындысы бойынша өткен брифингте мемлекет басшысы келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел президенттері ортақ мәлімдеме қабылдап, Ауғанстандағы және ИМ-ге (ДАИШ-ҚазТАГ) қарсы күрес, КХДР-дағы ядролық бағдарлама және Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа дейінгі мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар АҚШ-қа жұмыс сапары аясында мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді, соның ішінде америкалық іскери қауымдастық өкілдері де бар. Олармен $7 млрд. соманың келісім-шарттарына қол қойылды. Одан басқа Қазақстан мен АҚШ арасында $2,5 млрд астам соманың коммерциялық келісім-шартына қол қойылды.
Америка басшылығымен кездесуінен басқа 18 қаңтарда Нью-Йоркте Н.Назарбаев қаңтарда Қазақстан төрағалық ететін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді,