Қаз   Рус

Мұxамедиұлы Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырмақ

8 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 01 Фев 2018, 13:30

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Бурабай курортында әлемдік маңызы бар шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, Бурабайда әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар жоқ. Негізі, қазіргі кезде ауқымды қоғамдық шаралар арқылы туристерді көптеп тарту тәжірибесі кеңінен тараған. Мәселен, әлемдік ойын-сауық орталығына айналған Лас-Вегаста миллиардтаған туристерді мәдени шаралар арқылы тартады. Лос-Анжелесте орналасқан «Мемориал Колизеум» стадионында екі бірдей Олимпиада өтті. Бұдан бөлек, әлемге танымал жұлдыздардың концерттері өтіп тұрады. Сол сияқты Торонто қаласындағы Эйр Канада орталығында жыл сайын 200-ден астам шара ұйымдастырылады. Соның арқасында он жылдың ішінде 2,5 млрд доллар пайда түсті. Біздегі  «Бурабай Конгресс орталығы» тура сондай көпфункционалды мәдени-сауық орталығына айналады деген сенім бар. Ол жерде әлемдік маңызы бар шараларды өткізуге барлық жағдай жасалады», - деді А.Мұxамедиұлы бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Министрдің айтуынша, Бурабайда xалықаралық шараларды өткізу арқылы туристерді көптеп тартуға болады. «Биыл жазда алғаш рет Халықаралық балалар фестивалін өткізейін деп жатырмыз. Ондай шаралар Испания, Түркия және тағы басқа мемлекеттерде жиі ұйымдастырылады. Неге десеңіз, бір баламен бірге міндетті түрде бес-алты адам келеді. Ол - әке-шешесі, ұстазы, достары және тағысын тағылар. Осылайша, ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Сол себепті биылғы фестивальді Астанамен қатар Бурабайда өткізгенді жөн көрдік», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера