Қаз   Рус

Мессенжер арқылы террорлық әрекетке шақырған азамат 6 жылға сотталды

13 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 26 Янв 2018, 14:30

Шұғыл хабаршы (мессенджер) арқылы лаңкестік әрекет жасауға шақырғаны үшін ер азаматқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Терроризмді насихаттау және терроризм актісін жасауға жария түрде белгілері бар мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін ер азамат сотталды. Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында сотталушы Д.Я.-қа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сотталушы Д.Я. «Whats App» телекоммуникациялық желісіндегі «Муслим Ва Муслималар» атты әлеуметтік топқа ұялы телефон нөмірі арқылы мүше болып, 30 қазан 2017 жылы сағат 19:30-да «Ал-Ихван аль-Муслимун» халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын терроризмді насихаттау және терроризм актісін жасауға жария түрде белгілері бар мазмұндағы материалдарды «Муслим Ва Муслималар» әлеуметтік тобының мүшелеріне таратқан.

Содан кейін Д.Я. 12 қараша 2017 жылы сағат 12:21-де «Муслим Ва Муслималар» әлеуметтік тобының мүшелеріне «VID-20171112-WA0001» атты бейне роликті таратқан.

Сот үкімімен сотталушы Д.Я.-тың жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігі мен сипаты ескеріліп, прокурормен жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім бекітіліп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 /алты/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын қылмыстық – атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленген.

Сот отырысы аяқталған соң төрағалық етуші тараптарға қабылданған үкім мен қылмыстың орын алған себептерін және де процестік келісім бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін түсіндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера