Қаз   Рус

Мемлекет басшысы ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 09 Янв 2018, 19:30

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты телеэфирде жасаған мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  «Мен жүзеге асыруымыз керек 10 міндетті көріп отырмын. Олардың мазмұны туралы қысқаша айтып өтсем. Біріншісі - қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпте өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз. Екіншіден, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға, оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға жүктеліп отырған міндеттің үшіншісі - агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді. «Төртінші - транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді. Бесінші - ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстандағы қаржы секторының «қайта жандануы» - 10 міндеттің алтыншысы екенін атады. «Банктік жүйелерді дамыту бақылаудың күшейтілуімен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор. Жетінші - адам капиталының жаңа сапасы. Білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барық қажеттілігіне жауап беруі тиіс. Сегізінші - бұл тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуді жалғастаруға, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сонымен бірге, тоғызыншыдан, заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын айтып өтті. Оныншы міндет ретінде «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызатынын жеткізді. «Біздің бәріміз бүгінгі күні осы он тапсырманы орындауға күш салуымыз керек. Жолдаудың толық мәтінінде олардың барлығы көрсетіледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера