Қаз   Рус

Маңғыстау облысының жаңа әкім орынбасары тағайындалды

13 қаралды
0
kaztag.kz
Понедельник, 04 Дек 2017, 16:30

Серік Аманғалиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған хабарда айтылғандай, бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа кадрлық өзгерістерді жариялады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Серік Аманғалиев тағайындалды. Ол 1960 жылы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданының Махамбет ауылында дүниеге келген. 1983 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастап, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1995-2007 жылдары – Атырау облысында Махамбет аудандық және қалалық білім бөлімінің бастығы, кейін облыстық білім департаментінің директоры қызметінде болды.

2008-2011 жылдары – Атырау облысының Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен (2006), «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1998) марапатталған.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Талғатбек Бапиев тағайындалды. Ол 1969 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Семейдің мемлекеттік медицина институтын, 2013жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін емдеу ісі, дәрігер, менеджмент бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласының №3перзентханасында дәрігер-анестезиолог қызметінен бастаған.

1997-2010 жылдар аралағында Алматы қаласында дәрігер, ғылыми қызметкер, гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2010 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» кәсіпорнының бас дәрігері болды.

Талғатбек Бапиев - медицина ғылымдарының докторы. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Хирургтар қауымдастығының мүшесі, Ресей Диализді қауымдастығының мүшесі, Еуропа трансплантологтар қауымдастығының мүшесі.

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера