Қаз   Рус

Мұғалімдер жалақысына 30 пайыздық үстемақы қосылады

34 қаралды
0
Вторник, 27 Фев 2018, 12:15

Қазақстанда биыл 200 мыңдай мұғалімнің айлығына биыл 30 пайыздық үстемақы қосылады

Қазақстанда биыл 200 мыңдай мұғалімнің айлығына биыл 30 пайыздық үстемақы қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Министр Үкімет отырысында орта білім беруді жаңа мазмұнға көшу жұмыстары туралы айтып берді.

«Жаңартылған мазмұнды енгізбес бұрын бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде, одан кейін 30 пилоттық жоба апробациядан өтті. Мектептерде пилоттық жоба  ретінде енгізілген жүйенің салыстырмалы нәтижесі бойынша, білім сапасының орташа балы екі есеге өсті. 2016-2017 жылғы оқу жылынан бастап 1 сынып, былтырғы оқу жылынан бастап қосымша 2, 5 және 7 сыныптар көшсе, биылғы оқу жылынан бастап 3, 6 және 8 сыныптар кезең-кезең бойынша көшеді. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің айлықтарына 30 пайыз үстемақы қаңтар айынан бастап төлене бастады. Барлығы 200 мыңнан астам мұғалім, яғни биыл мұғалімдердің 70 пайызы қосымша ақы алатын болады. Ұстаздар қауымы атынан Елбасына үлкен қолдау білдіргені үшін үлкен рахметімізді айтамыз», - дейді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары қазіргі таңда дайын.  Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітіліп, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер әзірленген. Критериалды бағалау енгізілу үстінде.

«Бастауыш білім беру деңгейінде бірыңғай базалық оқулықтар енгізіледі. 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары қазіргі уақытта дайын. Енді сараптамадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. Оны 20 мыңнан астам адам көріп, ұсыныстарын айтып жатыр», - дейді министр.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.