Қаз   Рус

Әліпбиді латын графикасына көшіру бойынша 4 жұмыс тобы құрылды

31 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 08:30

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап. Ұлттық комиссия Үкіметтің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі мақсаты - қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеп бекіту, жұмыс барысын үйлестіру және оның сапалы орындалуына бақылау жасау. Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына төрағаның орынбасары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Парламентінің, жоғарғы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Комиссияның жұмыс органы Мәдениет және спорт министрлігі. «Латын әліпбиіне көшу - еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға. Елбасы айтқандай, халқымыз сан мың жылдық тарихында ешқандай сыртқы ықпалсыз, өз еркімен, жалпыхалықтық талқылаумен, тұңғыш рет әліпбиін ауыстырып отыр. Оны жүзеге асыру - біз үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Латын графикасына көшу бойынша негізгі жұмыс бағыттары жөнінде мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, қаржы министрі Б. Сұлтанов баяндама жасады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммед, дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т. Аяпова өз пікірлерімен бөлісті.  Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін біртіндеп көшіру көзделген. Бірінші кезең: 2018-2020 жылдарды, екінші кезең: 2021-2023 жылдарды, үшінші кезең: 2024-2025 жылдарды қамтиды.    Сонымен қатар апробациялық кезең, ұстаздар корпусын дайындау барысы, нормативтік құқықтық базаны жасау және жалпы жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу үрдісі Ұлттық комиссияның жіті назарында болады.  Отырыс барысында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Біріншісі -орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін). Екіншісі - әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін). Үшіншісі - терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін). Төртіншісі - сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін). Жұмыс топтарына тіл білімі саласының кәсіби мамандары да тартылатын болады. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера