Қаз   Рус

Әлемнің танымал ЖОО оңтүстіктің дарынды жастарын оқуға шақырды

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 23 Янв 2018, 09:30

Шымкентте халықаралық білім көрмесі өтуде. «International Education Fair 2018» атты көрмеде шетелдің ең мақтаулы университеттерінің өкілдері жастарды стипендиялық бағдарлама бойынша тегін оқудың тиімді тетіктерімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен  Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мен Азия және ТМД елдерінің 83 жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысты. Олар шара барысында шет тілдерінде еркін сөйлейтін, қабілетті жастарды оқуға шақырды. Аталған жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев    қонақтарға өңірдің білім саласындағы мүмкіндіктері мен әлеуетін таныстырып өтті. «Елбасымыз әрдайым өзінің халыққа арнаған Жолдауларында жастардың білімді де, бәсекеге қабілетті болу керектігін үнемі айтып келеді. Міне, осы мақсатта «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды. Аталған бағдарлама аясында әлемнің 35-тен астам елінде 12 мыңнан астам қазақстандық азамат білім алды. Бүгінде бағдарлама бойынша білім алған 300-ден астам оңтүстікқазақстандық жас еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Халық саны жағынан көш басында тұрған өңіріміз, «Болашақ» бағдарламасына қатысу бойынша да бірінші орында болу керек деп ойлаймын. Ал, біліктілікті арттырып, білімді жетілдіре түсуге келгенде мұндай тәжірибе алмасу көрмесінің рөлі орасан деп білемін», - деді Жансейіт Қансейітұлы. Көрмеге бірінші күннің өзінде шетелде оқуды армандайтын 4 мыңнан астам жас келді. Шара барысында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен білім агенттіктері арасында кездесу ұйымдастырылды. Онда «Болашақ» бағдарламасын пайдалану ауқымын кеңейту жайы сөз болды. Мамандар пікірінше шетелдерде білім алатын қазақстандық студенттердің саны жоспардағыдан айтарлықтай аз. «Бүгінде шетелге барып білім алуға ниетті азаматтардың саны өте аз. Себебі, халық «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпаратпен қанықпаған деп ойлаймын. Осы мәселені шешу мақсатында әлемнің дамыған елдерінен және отандық жоғары оқу орынның өкілдерін шақырып, осындай білім көрмесін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз - өзге елге барып білім алатындардың қатарын көбейту. Қазіргі таңда өзге елдерде оқитын жастардың 85 пайызы Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Енді оңтүстікқазақстандық жастардың санын арттырсақ деген жоспар бар», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Жанболат Мелдешов. Айта кетейік, «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде  өтіп жатқан шара екі күнге жалғасады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера