Қаз   Рус

Күмәнді статистика деректері қалай пайда болады

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 01 Фев 2018, 14:00

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов статистикалық мәліметтер қалай есептеліп шығарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов статистика туралы жаңа заң жобасын таныстырды. Мәжілісі отырысында «Ауыл» партиясы атынан мәжілісмен Фарид Ақбердиев бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қымбатшылығына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, өңірлерде инфляция туралы жарияланып жатқан органдардың мәліметтері күмәнді.

Парламент Мәжілісінің отырысында «Ауыл» партиясы атынан мәжілісмен Фарид Ақбердиев бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қымбатшылығына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, өңірлерде инфляция туралы жарияланып жатқан органдардың мәліметтері күмәнді.

«Статистикаға сүйенсек, инфляцияның деңгейі 7,1 пайызды құраған. Ал азық-түліктердің бағасы 2017 жылы 6,5 пайызға ғана қымбаттаған. Статистика ведомствосы бұл мәліметті күрделі әдіспен анықтайтыны түсінікті. Бірақ қарапайым азамат кез келген дүкенге кірсе, статистика органдарының келтірген бағасына сене алмайтыны шындық. Осыған байланысты бірінші қажеттіліктегі тауарды нақты бағасының өсімін анықтауда тың әдістерді әзірлеп жатырсыз ба?» - деді депутат.

Мәжілісмен өз сөзінде министрлік ұсынған статистикалық мәліметтерді түсінбей қойғанын айтады. «Базарға барып, қант 13 пайызға, сарымсақ 41 пайызға қымбаттап кеткенін көремін. Бәрі де бағаның 50-60 пайызға дейін өсіп жататынын біледі. Ауыл шаруашылығы мамандарының 90 пайызы 150 мың теңгеден кем алмайтынын, орман мен балық шаруашылығындағы 88,3 мың теңге алады дейсіздер. Жамбыл мен ОҚО-ға барып көріңіздер - олар 50 мың теңге ғана алып жүр», - деді мәжілісмен.

Депатуттың сұрағына Руслан Дәленов жауап беріп, статистика деген - математика болғандықтан, онымен пікірталастыру қиын екенін алға тартты. «Мен сізді өте жақсы түсінемін, қолдаймын. Өзім де тұтынушылық бағаның индексі (ТБИ) қандай деген сұраққа жауап іздеген едім. Ол - шынайылықты көрсетеді. Біз сәуір айында біз ОКҚ-да арнайы шара өткізіп, түсіндірдік. Агрегация жолымен статистика мәліметтері, шынында да, 7,1 пайызды (инфляцияны - авт.) көрсетеді. Бұл - агрегация», - дейді вице-министр.

Руслан Дәленов «барлық мәселе агрегациялардың мәліметтерінде» екенін айтқан депутаттың сөзін қолдады.

«Себебі, халық ішіндегі топтардың азық-түлікті тұтыну көрсеткіші әр түрлі. Барлық адам әртүрлі тауар сатып алады. Ортақ агрегация - әрқашан ортақ көрсеткішті көрсетеді. 7,1 пайыздың ішінде 47 пайызға немесе 28 пайызға қымбаттаған, болмаса 3 пайызға арзандаған да азық-түліктер бар. Мәселен, шаштараз қызмет құны биыл мүлде өскен жоқ. Демек, агрегация бәрі әсер етеді», - дейді Руслан Дәленов.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера